Геннадий Головкин демалысқа шықты
Боксшының жаттықтырушысы Абель Санчестің айтуы бойынша, GGG жыл соңына дейін тынығатын болады. Жаттығу жұмыстарына 2017 жылдың басында оралады.
- Гена жаттығу жиындарында спарринг өткізбесе де, нағыз бабында. Салмақ қосқан жоқ. Бабын жоғалтпау үшін барын салып жүр. Бірге жаттығатын жігіттерге қолдау көрсетіп келеді. Олар да Генаға қолдауын аяған емес, - деді жаттықтырушысы.
Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин 2017 жылғы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» кешенінде өткізетіні белгілі болған еді.
Қазақстандық боксшы 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін. Қазіргі таңда тараптар арасында келіссөздер жүргізілуде.