Геннадий Головкин Алматыдағы бокс кешіне келеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Алматыдағы бокс кешінің құрметті қонақтары қатарында Геннадий Головкиннен бөлек, ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Василий Жиров та бар. Бұл туралы бокс кешінің промоутері Руслан Абдусаламов айта кеткен.

- 24 қыркүйек күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде үлкен бокс кеші өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесіне арналып өткізіледі. Бокс кешінің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен неміс Майк Курцвейл арасында өтеді. Олар чемпиондық атаққа таласатын болады. Бұл кештің басты қонағы – Геннадий Головкин болады. Ол досы, отандасы Иса Ақбербаевқа қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ, жанкүйерлерге тағы да тосынсый дайындап отырмыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіпқой бокста ел абыройын асырған Василий Жировты да шақырттық.

Алматыдағы кешке қазақ боксының нағыз талантты, болашағынан зор үміт күттіріп отырған күрзі жұдырықты боксшыларымыз қатысады, - деді Руслан Абдусаламов.

Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин Астанадағы «Expo-2017» көрмесіне шақырту алған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама