Гарет Бэйл «Ювентусқа» қарсы ойынға қатыса алады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ palabradefutbol.com

Уэльс құрамасының ойыншысы туриндік клубқа қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығады. Осыған дейін жарақатына байланысты алаңға шықпай келген Гарет Бэйл қайта бабына келген. Бір күн алдын «Реалдың» «Севильяға» қарсы өткізген ойынында 66 минутта алаңға шығып, нәтижелі пасымен көзге түскен-ді.

Айта кетейік, соңғы ойындарында «корольдік клубқа» жарақатына байланысты көмектесе алмай жүрген Карим Бензема да жаттығу жұмыстарына кірісті. «Ювентусқа» қарсы ойынға француз шабуылшысы да қатысып қалуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Роналду командаласының соққан голына қуанбады (видео)

Сәуір айында соғылған ең үздік голдар (видео)

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама