Гандболдан қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ prosportkz.kz

Әлем чемпионатына қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі – Қазақстан құрамасы да бар. Бұл – қазақстандық бұрымдылардың 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы “D” тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласады. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады.

Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді. Құраманың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама