Галина Воскобоева Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
Жарыстың бірінші кезеңінде ресейлік Александра Пановамен жұп құраған жерлесіміз Мона Бартель және Ализе Корнеден басым түсті. Бірінші сет тай-брейкпен аяқталып, оны Воскобоева мен Панова жұбы жеңіспен аяқтады (7:3).
Екінші партияда Бартель мен Корне едәуір қарсылық көрсетіп, нәтижесінде есепті теңестіріп кетті: 4:6. Шешуші үшінші кезеңде қазақстандық пен ресейлік қыздың жолы болып, сетті 7:5 есебімен өз еншілеріне жазды. Сөйтіп, Галина мен Александра жұбы 7:6, 4:6, 7:5 есебімен матчта жеңіске жетті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: dailynews.kz