2-3 маусым күндері Испанияның Мадрид қаласында дзюдодан кезекті Еуропа ашық кубогы өтеді. Еуропа кубогына 50 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш додадаға Қазақстан сапынан 10 дзюдошы бақ сынайды. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегеріГалбадрах Отгонцэцэг те бар. Ол көптен бері жарыстарға қатыспай келген еді. Ерлер: 1. Рамазан Мамаев (60 кг)2. Сұңғат Жұбатқан (66 кг) Әйелдер: 1. Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг)2. Абиба Абужақынова (48 кг)3. Назгүл Елмұратова (52 кг)4. Севара Нышанбаева (57 кг)5. Ақниет Тұрдан (63 кг)6. Аэлита Щербакова (-70 кг)7. Зере Бектасқызы (-70 кг)8. Зариан Райфова (-78 кг)