Галбадрах Отгонцэцэг Антальяда өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады
Антальядағы аламанда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бақ сынайды. Сондай-ақ төртжылдықтың басты додасына қатысқан Максим Раков, Дидар Хамза мен Мариан Ордабаева да бар. Жарыс 9 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетейік, жақында ғана Тбилисиде өткен жарыста Азиз Қалқаманұлы мен Жансай Смағұлов қола жүлдегер атанған болатын. Олар Антальядағы Гран-При турниріне қатыспайды. Ал Бакуде өткен додада 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев жеңімпаз атанған еді.
Ерлер
60 келі
Қырғызбаев Ғұсман
Ибраев Рустам
66 келі
Мұқанов Азамат
Имашев Айбек
73 келі
Сүйінбай Нұрлыхан
Абдрахманов Ғалымжан
81 келі
Хамза Дидар
Абдуалиев Бекжан
90 келі
Бозбаев Ислам
Жаңабай Мейрамбек
100 келі
Раков Максим
+ 100 келі
Жарылғапов Нұрдәулет
Тұрғыналиев Жамбыл
Қыздар
48 келі
Галбадрах Отгонцэцэг
52 келі
Түйтекова Айкүнім
57 келі
Нышанбаева Севера
63 келі
Урдабаева Мариан
70 келі
Өміралиева Ділбар
Щербакова Аэлита
78 келі
Райфова Зарина
Амангельдиева Альбина
+ 78 келі
Исанова Гүлжан