Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Белградтағы дода 2016 жылдың 2-13 ақпан аралығында өтеді. Әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстан құрамасы 3 ақпан күні Ресеймен ойнаса, араға 2 күн сала Хорватиямен кездеседі.
Жеребе қорытындысы:
«А» тобы: Сербия, Португалия, Словения.
«B» тобы: Испания, Украина, Венгрия.
«С» тобы: Россия, Хорватия, Қазақстан
«D» тобы: Италия, Чехия, Әзірбайжан
Айта кетейік, Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің топтық кезеңінде екінші орын алып, плей-оффта бір жолдамаға таласуға мүмкіндік алған-ды. Бұл жолдамаға Босния және Герцеговина құрамасымен таласқан отандастарымыз екі ойында да қарсыластарын ірі есеппен ұтты. Нәтижесінде Еуропа чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған болатын.