Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

31 тамыз күні ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Какау Колумбиядағы додаға баратын ойыншылардың тізімін жариялаған болатын. Олардың қатарына команданың екінші нөмірлі қақпашысы Григорий Шамро енбеді. Ол Тайландта өткен халықаралық турнирде жарақат алып қалған болатын. Ойыншылар қатары төмендегідей:

Қақпашылар:

1. Игита («Қайрат»)

2. Александр Гуров («Қайрат»);

Ойыншылар:

1. Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат»),

2. Серік Жаманқұлов («Қайрат»),

3. Шыңғыс Есенаманов («Қайрат»),

4. Дәурен Нұрғожин («Қайрат»),

5. Дуглас («Қайрат»),

6. Эвертон («Қайрат»),

7. Лео («Спортинг», Португалия),

8. Михаил Першин («Қайрат»),

9. Павел Таку (Тұлпар»),

10. Александр Довгань (Тұлпар»),

11. Арнольд Кнауб (Тұлпар»),

12. Николай Пенгрин (Тұлпар»).

Колумбиядағы дода 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 12 қыркүйек күні Аргентина құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионаты 1989 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Төрт жылда бір өтетін доданың тарихында Бразилия құрамасы 5 рет, Испания құрамасы 2 рет жеңіс тұғырынан көрінген. Өзге елдің құрамалары бұл жетістікті әлі бағындыра қойған жоқ.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама