Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына таласады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін Чехияда өткізді. Алдымен алаң иелерін 3:1 есебімен жеңсе, араға бір күн сала Словениямен (2:2) тең ойнады. Ал кеше Франциямен өткен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде өз тобында бірінші орын алып, әлем чемпионаты жолдамасына таласуға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасы електік кезеңдегі жолдамаға талас үшін Венгрия, Беларусь, Сербия, Нидерланды, Польша және Словакия құрамаларының бірімен кездеседі. Жеребе тастау рәсімі 12 ақпан күні Сербия астанасы Белградта өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осыған дейін Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алған болатын. 2016 жылғы кәрі құрлық додасы 2-13 ақпан аралығында Белградта өтеді.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама