Футзалдан Қазақстан - Испания кездесуін қайдан көруге болады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ vk

Еуродағы дебютант пен жүлдені алты мәрте жеңіп алған команданың арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша 02.00-де басталады. Матчты тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасынан, сонымен қатар "Евроспорт" арнасынан көруге болады. Трансляция 01.50-де басталады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы С тобында Ресейден 1:2 есебімен жеңіліп, Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, екінші орынды алған болатын. Какаудың шәкірттері ширек финалда сенсация жасап, қазіргі чемпион Италия құрамасын 5:2 есебімен жеңді. Испания болса, Венгрияны 5:2 және Украинаны 4:1 есебімен жеңіп, В тобында бірінші орынға шықты, ал ширек финалда Португалияны 6:2 есебімен жеңді.  

Букмекерлердің пікірінше, бұл кездесуде Испания құрамасы фаворит. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Испания командасына гол соғып көрген емес.

Дереккөз: tengrinews

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама