Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Алматыда өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ egemen.kz

Жарыс 2019 жылдың сәуір айына жоспарланған. Алматыда өтетіні жайлы шешім УЕФА атқару комитетінің отырысында қабылданды.

Финалдық кезеңге "Қайраттан" өзге Испанияның "Барселона" және "Интер Мовистар" командалары, сондай-ақ Португалияның "Спортинг" клубы қатысады.

Футзалдан еурокубоктың шешуші ойындары Алматыда алғаш рет өткелі жатқан жоқ. Осыған дейін Алатау бөктерінде 2010/11 және 2016/17 маусым ойындарының финалдық кезеңі де өткен.

Айта кетейік, футзалдан 2001/2002 жылдар маусымынан бері өткізіліп келе жатқан UEFA кубогы додасы биылдан бастап Чемпиондар лигасы болып атауы мен мәртебесін өзгерткен. Әрі қатысушы командалар саны да артты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама