Футзал. Қазақстан құрамасы екінші ойында жеңіске жетті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ uefa.com

Ойында финдер екі рет есепте алға шықты. Бірінші голын 13-минутта Миика Хосио өз еншісіне жазды. Тайм аяқталғанға дейін Біржан Оразов таразы басын теңестіре білді.

Финяляндия құрамасы екінші таймды да сәтті бастады. 23 минутта Ян Корпела тепкен допты Игита қайтарып үлгермеді. Есесіне қақпашымыз араға бірер минут сала есепті теңестірді. Нәтижесінде үш Еуропа чемпионатында гол соққан голкипер ретінде тарихқа енді.

29 минутта Арнольд Кнауб Қазақстанды есепте алға шығарды. Одан кейін араға екі минут сала Біржан Оразов дубль жасады. 33 минутта Арнольд Кнауб та екінші голын соғып, дубль авторы атанды.

Ойында Қазақстан құрамасының алтыншы голын Азат Валиуллин өз еншісіне жазды. Дуглас берген пасты сәтті пайдаланды.

Қазақстан құрамасы екі ойыннан кейін 4 ұпай жинап, көш бастады. Топтағы соңғы ойынын 28 қаңтар күні Италияға қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама