Футболшы қарсыласының өмірін сақтап қалды
Оқиға орын алған сәтте «Днепр» жартылай қорғаушысы Джаба Канкава қонақтар ойыншысына алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Тілін жұтып қоюға шамалы қалған футболшыны дәрігерлер келгенше әріптестері аман алып қалуға барын салған.
Днепетровск қаласы ауруханасының бас дәрігері Григорий Пилипенко тікелей эфирде: «Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен Джаба Канкава Олег Гусев өмірін сақтап қалды» деп мәлімдеді. Медициналық сараптама бойынша, футболшының бас сүйегі мен бір тісі сынған және миы шайқалған. Ал ойындағы есеп 2:0 есебімен алаң иелері пайдасына шешілген.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru