Футболдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен кету туралы шешім қабылдады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Бүгін елордада өткен ҚФФ Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша, бас жаттықтырушының жұмысы қанағаттандырарлықсыз деп бағаланды. Сондай-ақ, Александр Бородюк те өз жұмысына қанағаттандырарлықсыз деген баға берді.

Жаттықтырушылар кеңесі ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына сенімсіздік білдіріп, оның қызметіне қатысты соңғы шешімді жақын күндері қабылдауды ұйғарған. Алайда ресейлік маман бұл шешімді күтпей, өз еркімен қызметінен кетуді жөн деп тапқан көрінеді.

55 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне 2017 жылдың ақпан айында келген еді. Одан бергі аралықта ұлттық құрама 7 ойын өткізіп, 1 кездесуде ғана тең нәтижеге қол жеткізе алды. 6 ойында қарсыластарына есе жіберді. Барлығы 6 гол соғып, 18 рет допты өз қақпаларынан алып шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топта соңғы орынға тұрақтады.

Әзірге Александр Бородюктің орнын кімнің басатыны әлі белгісіз. Былтыр оның алдында ұлттық құрамамызды отандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтырған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама