Футболдан Мысыр құрамасы 28 жылдан кейін әлем чемпионатына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eurosport

Конго құрамасын 2:1 есебімен ұтқан мысырлық футболшылар өз топтарында бірінші орын алды. Бұл құрама соңғы рет 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатына қатысқан. 

Әлем чемпионатына Ресей құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде қатысады. Яғни, ресейлік футболшылар іріктеу кезеңіне қатысқан жоқ. Еуропа құрылығынан әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Ресейден бөлек, Бельгия (Н тобында бірінші орын), Германия (С тобында бірінші орын), Англия (F тобында бірінші орын), Испания құрамасы (G тобында бірінші орын) және Польша (Е тобында бірінші орын) құрамалары шықты. 

Сонымен қатар келер жылғы әлем чемпионатына Иран (Азия іріктеу кезеңінде А тобында бірінші орын), Жапония (Азия іріктеу кезеңінде В тобында бірінші орын), Мексика (Солтүстік Америка құрылығының іріктеу кезеңінде бірінші орын), Бразилия (КОНМЕБОЛ іріктеуінде бірінші орын), Оңтүстік Корея (Азия іріктеу кезеңінде А тобында екінші орын), Сауд Арабиясы (Азия іріктеу кезеңінде А тобында екінші орын), Мысыр (Африка іріктеу кезеңінде Е тобында бірінші орын), Коста-Рика (Солтүстік Америка құрамасындағы іріктеуде екінші орын), Нигерия (Африка құрылығында В тобында бірінші орын) құрамалары жолдама алып отыр. 

Еске салайық, Ресейдегі әлем чемпионаты келер жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында өтеді. Финалдық кезеңде 32 құрама бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама