Футболдан ҚР кубогы ширек финалының жеребесі тартылды
1/4 финалдағы ойындар 8 мамыр күні өтеді. Жеңімпаз атанған команда бір ойын нәтижесі бойынша анықталады. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаса, онда 2 қосымша тайм (15 минуттан) беріледі. Бұл кезеңде де командалар тең түссе, пенальти сериясы белгіленеді.
Жеребе нәтижесі:
"Қайрат" (Алматы) - "Тобыл" (Қостанай)
"Тараз" (Тараз) - "Ордабасы" (Шымкент)
"Алтай" (ШҚО) - "Атырау" (Атырау)
"Ертіс" (Павлодар) - "Қайсар" (Қызылорда)
* Ойындар бірінші жазылған командалардың алаңында өтеді.