Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды
"Атырауға" қарсы ойында "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голды 59-минутта Георги Зариа пенальтиден соқты. Сондай-ақ алаң иелері сапынан Никита Степанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Алматылық ұжым өз тарихында 4-ші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін 1992, 2004 және 2020 жылы топ жарған еді.
"Астана" күміс жүлдегер атанса, "Ақтөбе" үздік үштікті түйіндеді.
Биылғы маусым қорытындысы бойынша Қарағандының "Шахтер" командасы Бірінші лигаға түсіп қалды. Келер маусымда "Оқжетпес" пен "Ұлытау" ҚПЛ-де ойнайды.