Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік клубты жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Кеше "Ахматтың" бас бапкері Мирослав Ромащенко қызметінен кетті. Ол грозныйлық клубты 2023 жылдан бері жаттықтырып келген. Ол орынға енді Магомед келмек. 

Адиев Қазақстан ұлттық командасын 2022 жылдан бері жаттықтырады. Алайда Еуроға жолдама үшін кейінгі екі ойында құрама ойсырай ұтылғандықтан, бапкердің кетуіне қатысты әңгімелер жиілей түсті.

Жаттықтырушы екі жұмысты қатар алып жүруі де ықтимал. Ресми ақпарат жуық арада жарияланады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама