Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады.Қазақстан құрамасы2 саты жоғарылап, 117-орыннан көрінді. Станимир Стойловжаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айында ойын өткізген жоқ. Тек анығы 5 маусым күніӘзірбайжан құрамасыменжолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Бұл ойын Астанада болады. Бір күн алдын қос елдің жастар құрамасы да жолдастық кездесуде жолығады. Әзірбайжан құрамасы жаңарған рейтингте 126-орнын сақтап қалған. Осы айдағы рейтингте үздік нәтиженіКувейт құрамасыкөрсетті. Олар 16 саты жоғарылап, 160-орынға табан тіреген. Ең төменгі нәтиженіПалестина құрамасыкөрсеткен. Олар 13 саты төмендеп, 96-орынға төмен сырғыды. Жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгерістер болмаған.Германия құрамасыкөш бастаса, екінші орындаБразилиятұр. Үздік үштіктіБельгия құрамасытүйіндеуде. Үздік ондық тізімі: 1 (1). Германия - 1544 ұпай2 (2). Бразилия - 1384,3 (3). Бельгия - 1346,4 (4). Португалия - 1306,5 (5). Аргентина - 1254,6 (6). Швейцария - 1179,7 (7). Франция - 1166,8 (8). Испания - 1162,9 (9). Чили - 1146,10 (10). Польша - 1128, Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар:Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, БразилияжәнеАргентина. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.