Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады.Қазақстан құрамасы17 саты жоғарылап, 119-орыннан көрінді. Наурыз айының басында Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болыпСтанимир Стойловкелді. Оған Астана футбол клубын жаттықтырған маман жаңа қызметін сәтті бастады. Қазақстандық футболшылар 23 наурыз күніВенгрия құрамасыменжолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Араға бірер күн салаБолгарияменойнап, 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Соңғы минутта соғылған гол қазақ футболшыларын сан соқтырды. Әйтпесе доп ұстау мен шабуылдаСтанимир Стойловшәкірттерінің басымдығы байқалған-ақ еді. Жаңарған рейтинг бойыншаҚазақстан құрамасы17 орын алға жылжыды. Ал көршілесҚырғыз елінің құрамасыосы айдағы рейтингте үздік нәтиже көрсетті. Олар 40 саты жоғарылап, 75-орынға табан тіреген. Ең төменгі нәтиженіГаити құрамасыкөрсеткен. Олар 23 саты төмендеп, 108-орынға түскен. Жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында да өзгерістер бар.Португалияқұрамасы үздік үштіктен шықса,Аргентина4-тен 5-орынға төмен сырғыған. ЕсесінеБельгия құрамасы3-орынға көтерілді.Швейцария6-шы,Франция7-орынға көтерілген.Чили9-орынға жоғарылаған.Испания құрамасы2 саты төмен түсіп, 8-орыннан көрінсе, 4 саты артқа қайтқанПольша құрамасыүздік ондықты түйіндеп тұр. Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.