Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан ұтылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Ойында жеңіс сыйлаған голды 28 минутта Дани Ольмо пенальтиден соқты. Қақпашы Мұхаммеджан Сейсен доптың бағытын тапқанмен, қайтарып үлгермеді.

57 минутта Шотландиядан келген бас төреші Уолш Қазақстан жастары қақпасына екінші рет пенальти белгіледі. Бұл жолы Барселона командасының жартылай қорғаушысы Карлос Аленья тепкен допты Мұхаммед Сейсен қайтара білді.

Ойынды Қазақстан жастар құрамасы 10 ойыншымен аяқтады. 82 минутта Владислав Прокопенко қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Александр Москаленко жаттықтыратын Қазақстан жастары осыған дейін өткізген екі ойында (Фарер аралдары және Черногория) жеңіске жеткен еді. Ал соңғы рет Еуропа чемпионы атанған Испания жастары іріктеудегі алғашқы ойындарын өткізді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама