Футболдан ел премьер-лигасының 2016 жылғы күнтізбесі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

2016 жылғы ел чемпионаты Суперкубок ойындарымен басталады. 2014 жылы чемпион атанған «Астана» мен ел кубогын жеңіп алған «Қайрат» бұл атаққа таласатын болады. Бұл ойын 8 наурыз күні өтеді. Ал І тур ойындары 12-13 наурызға жоспарланған. Биылғы премьер-лигада 12 клуб ойнайды. Сондай-ақ, Ел чемпионаты жылдағыдай екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Біріншісінде барлық командалар екі айналымдық жүйемен (үйде және түзде) бір-бірімен кездесіп шығады. Екінші кезеңде 12 клуб қақ бөлінеді. Алғашқы алтауы жүлделі орындарды сарапқа салса, қалғандары 7-12 орындар үшін додаға түседі. Жылдағыдан өзгешелігі, биыл әр клубтың ел чемпионатының бірінші кезеңінде жинаған ұпайлары екіге бөлінбейді.

 

Айта кетейік, жаңа маусымда премьер-лигаға Оралдың «Ақжайық» командасы қосылды.

Назарларыңызға премьер-лиганың алғашқы айналымы күнтізбесін ұсынамыз:

I тур  

12 наурыз  

«Астана» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды)   
«Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау)   
«Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 

13 наурыз  

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 
«Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Көкшетау)   
«Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал)  

II тур  

19 наурыз  

«Атырау» – «Тобыл»   
«Ақжайық» – «Ертіс»  
«Оқжетпес» – «Қайрат»  

20 наурыз  

«Ақтөбе» – «Тараз»   
«Ордабасы» – «Астана»  
«Шахтер» – «Жетісу»  

III тур  

2 сәуір  

«Жетісу» – «Ордабасы»   
«Ертіс» – «Атырау»   
«Астана» – «Ақтөбе»  

3 сәуір  

«Қайрат» – «Ақжайық»  
«Тараз» – «Оқжетпес»   
«Тобыл» – «Шахтер»  

IV тур  

9 сәуір  

«Астана» – «Тараз»   
«Ақтөбе» – «Жетісу»  
«Ордабасы» – «Тобыл»  
«Шахтер» – «Ертіс»  
«Атырау» – «Қайрат» 
«Ақжайық» – «Оқжетпес»  

V тур  

13 сәуір  

«Тараз» – «Ақжайық» 
«Оқжетпес» – «Атырау»  
«Қайрат» – «Шахтер»  
«Ертіс» – «Ордабасы» 
«Тобыл» – «Ақтөбе»  
«Жетісу» – «Астана»  

Толығырақ

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама