Футболдағы егіз ағайындылар

 Спорттық ғұмырын бітіргендер

 Эрвин және Хельмут Кремерс

 

Бұл жігіттер спорттық футбол алаңындағы ғұмырын алдымен менхенгладбахтық «Боруссияда» бастаған. Содан кейін бірге алдымен, «Кикерс Оффенбах»,кейін генльзенхиркендік «Шальке-04» командаларында жалғастырған. Эрвин спорттан інісінен бұрын кеткен екен. Ал, Хельмут болса, жасыл алаңдағы соңғы жылдарын Канада біріншілігінде аяқтаған көрінеді. Ең қызығы бұл ағайындылар тура бір уақытта қолдарын сындырып алған, тура бір мезетте аяқтарын жарақаттап, бірдей уақыт аралығында емханадан шыққан. Міне, осындай ағайынды егіздер болған. 

Вилли және Рене ван де Керкхоф

 

Екеуі де Нидерландылық «Твенте» ұжымының түлектері. Кейінірек эйндховендік «ПСВ» қатарында тер төккен. Тап осы клубта Вили спорттық ғұмырының барлық кезеңін өткерсе, Рене болса, Грек, Қытай біріншіліктерінде де ойын өрнегін көрсетіп қайтқан. Бұл егіздердің екеуі де Нидерланды құрамасының негізгі ойыншылары болған. Ұлттық құрамаларымен екі рет әлем мундиалының қола жүлдесін және бір мәрте Еуропа дордасының қола жүлдесін жеңіп алған.

Рональд және Франк де Бур

Тағы да бір Нидерландының атақты егіздері - Рональд және Франк.  Бұлар осы уақытқа дейін қаншама әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарын тәрбиелеп шығарған Амстредамдық «Аякс» академиясының тәлімгерлері. «Аякс» қатарында өнер ағайындылар бес рет Голландия чемпионы және бір мәрте Чемпиондар Лигасын жеңген. Негізінен қос ойыншы да көп жылдар бойы бір командада тер төккен. Спорттағы соңғы жылдарын егіздер Катар біріншілігіндн аяқтаған. Бұлар әлемдегі ең жеңісті әрі жемісті егіздердің бірі болып тарихта қалған.

Юрий және Николай Савичевтер

Бұл ағайындылар футболды Мәскеулік «Торпедо» сапында бастаған. Николай бүкіл ғұмырын сол «Торпедо» қатарында өткізсе, ал Юрий Еуропаны бағындыруға аттанған. Алдымен ол Гректің «Олипиакосына», сосын Германияға көшеді. Юрий Николайдан жеті жылдан кейін бітірген. Сонымен қатар, Юрий Николайға қарағанда Олимпиада чемпионы. 

Владимир және Михаил Маковскилер

Владимир мен Михаил доп тебуді алғашқы кезде үйінің алдында бастаған. Кейінірек Минскінің «Динамосында» шеберліктерін шыңдаған. Кәсіпқой аяқдопты болған шағында екеуі де киевтік «Динамо» қатарына ауысады. Бірақ ол командада тек Владимир ғана аз уақыт тер төгеді. Содан кейін Балтық жағалуында өнер көрсетеді. Қос ойыншының да соңғы командасы ретінде бүгінгі күні «Дарида» саналады. 

Бұрнағы күнгі аяқдопшылар

Антонио және Эммануэле Филиппини

Қос ағайындылар «Брешиа» командасының шәкірттері. Эммануэле «Пармаға» ауысқанға дейін, бұл егіздер барлық уақытта да бір ұжымда өнер көрсеткен. Италяның А сериасында өнер көрсеткендіктен бе, бұлардың ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ.

Хамит және Халил Алтынтоп

Қос түрік азаматтары «Ваттеншайд 09» академиясының түлектері. 2003 жылы ағайындылар екі тарау жолмен кетеді. Хамит «Шальке 04» командасына ауысса, Халил «Кайзерслауртен» ұжымынан қосылады. Қазіргі кезде Хамит корольді «Реал Мадрид» сапында жүр. Бұл ағайынды егіздер ХХІ ғасыр футболының ең жемісті ойыншылары болып табылады.

Артавазд және Арман Карамян 


«Арабкир» клубының тәрбиеленушілері. Армения және Румыния елдерінде өте беделді ойыншылар. Жалпы спорттық  ғұмырының барлық кезеңінде бірге тер төккен. Тек Румынияда 3 жыл екі бөлек командада ойнаған. Керек десеңіз, екеуі бір күнде ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген. Армения және Румыния кубогінің жеңімпаздары.

Алексей және Василий Березуцкилер


Спорттық ғұмырын бұл ағайындылар «Торпедо-ЗИЛ» сапында бастаған. Содан мәскеулік «ЦСКА-дан» бір-ақ шыққан. Бүгінгі таңда Ресей құрамасына қос жігіт те үнемі шақырылып тұрады. Жетістіктері де өте көп. Үш дүркін Ресей чемпионы, Еуропа біріншілігінің қола жүлдегерлері. УЕФА кубогінің жеңімпаздары.

Аяқдоп ойынының келешек жұлдыздары


Фабио және Рафаэль да Силва

Бұл ағайындылар бразилиялық «Флуминенсе» тәлімгерлері. «МЮ» жетекшілері бұл жігіттерді Гонконгта өткен турнир барысында байқап, келісім-шарт жасасқан. Екеуі де қорғаушылар. Сэр Алекстің командасында қазірше Рафаэль жиі алаңға шығады. Дегенмен, Фабио да еш осал ойыншы емес анық.

Кирилл және Дмитрий Комбаровтар

«Динамо» футбол мектебінің тәлімгерлері. Сонымен қатар, Ресей жастар құрамының және бірнеше уақыттан бері ұлттық құрамасының ойыншылары. Алаңдағы орындары орталық және шеткі жартылайқорғаушылар. Бүгінге дейінгі жетістіктері – Ресей біріншілігінің қола жүлдегерлері. Дегенмен, болашақта зор табыстарға жетеді деген сенім мол.

Суреттер ғаламтордан алынған

Автор: Уалихан Қосанбай

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама