Футболда допты баспен ойнау - қауіпті

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Зерттеу жұмысына 32 әуесқой футболшы қатысқан. Мамандар олардың миын сканерден өткізіп, одан соң алынған мәліметтерді диффузионды тензорлы бақылау әдісімен зерттеген. Бұл оларға мидың жүйке жасушалары мен ұлпаларының жай күйін дәл анықтауға мүмкіндік берді.

Одан бөлек ерікті түрде зерттеуге қатысқан спортшылар жаттығу мен матч кезінде қаншалықты допты баспен соғуға тура келетіндігі жөніндегі сұрақтарға жауап берген. Ғалымдардың сөзінше, анкеталық сауалнама мен сканерлеудің нәтижесінде футболшылардың бас миына жеңіл жарақат келетіндігі, ал оның уақыт өте келе ұлғая түсетіндігі дәлелденген. Бұл әсіресе мидың есте сақтау, назар аудару және ойлануға жауап беретін бөліктеріне қатысты болып шықты.

Адам миына келетін мұндай залал футбол добы бас бөлігіне мың рет тигеннен кейін байқалады екен. Егер қарапайым адамға бұл жетуі қиын сан болса, футболшылар бұл көрсеткішті бірнеше күннің ішінде көрсете алады екен.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: rian.com.ua

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама