Футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің жалақысына қатысты түсінік берді

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ РФС

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Федерация келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра, бапкердің жалақысы жария етілмейтінін мәлімдеді.

"Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалғанын хабарлаған едік.

Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легия", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварош" командасын жаттықтырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама