Фристайлшы Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтады
"Мен мансабымды ақтайтынымды хабарлаймын. Кез келген бастаманың соңы болады. Барлық атқарылған жұмыс пен қолдау үшін командама және менімен бірге спорттық жолды бірге жүріп өткен жандарға алғысым шексіз! Үш олимпиадаға қатыстым. Өкінішке қарай, Олимпиаданың медалі тағдырыма жазылмапты. Бірақ болашақта біздің елден де Олимпиада чемпионы шығатынына сенімдімін. Желтоқсан айында алған жарақатыма байланысты карьерамды аяқтауғауға мәжбүрмін. Денсаулығым бәрінен де маңыздырақ", - деп жазды Жанбота өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жанбота фристайлдың акробатика түрінен қатарынан үш олимпиадаға қатысты (2014 және 2018, 2022). Сочидегі ойындарда алтыншы орыннан көрінген. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, карьерасында Еуропа кубогы кезеңдерінде жеңімпаз атанып жүлделі орындарды иеленген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!