Фируза Шарипова келесі кездесуін Алматы қаласында өткізеді
Жекпе-жек 12 мың жанкүйерге арналған "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Бокс кешін Фируза Шарипованың "FSK Promotion" компаниясы ұйымдастырып жатыр.
- Кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуіне таласады. Егер бұл кездесуде отандасымыз жеңіске жететін болса, екі салмақ бойынша чемпиондық белбеуді алады. Бұл қазақ боксындағы жаңа жетістік болады, - дейді сайт ақпаратында.
Еске салайық, Фируза Шарипова өзінің қазіргі белбеулерін 26 тамыз күні Астана қаласында халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясында өткен бокс кешінде жеңіп алған еді.