Фируза Шарипова чемпиондық атағынан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ BNews.kz

Фируза ұйымның ресми сайты жариялаған чемпиондар тізімінен шығып қалған. Ол осыған дейін жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иемденіп келген еді. Отандасымыз бұл атақты 2017 жылы 30 желтоқсан күні бельгиялық Джемилла Гонтарюкқа қарсы өткізген жекпе-жегінде жеңіп алған болатын. Сондай-ақ бұл жекпе-жекте WBC Silver белбеуін де еншілеген еді. Қазір екі атақ та иесіз қалған.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы қыздың еншісінде жеңіл салмақта WIBA атағы ғана қалды.

Фируза Шарипова соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 8 қыркүйегінде өткізді. Ресейлік Юлия Куценкоға қарсы шайқаста WIBA атағын қорғап қалды. Ал 22 желтоқсанда фин Ева Вальстреммен WBC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда отандасымыз жарақат алып, жекпе-жек кейінге шегерілген.

IBO бокс ұйымы 1988 жылы құрылған. Беделі бойынша әлемде бесінші орында. Ұйымды 1998 жылдан бері Эд Левин басқарып келеді.

Айта кетейік, осыған дейін Фируза Шарипова Олимпиада ойындарына қатысып, одан кейін барып абсолютті чемпиондық атақ жолындағы мансабын жалғастырғысы келетіні жайлы айтқан болатын. Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк оны атын шығарудың бір жолы деп бағалады. Фируза болса әуесқой бокстан кетуін осы бапкер кінәлі деп санайды. Дегенмен бас жаттықтырушы ел чемпионатында өзінің мықты екенін дәлелдеуін айтқан.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама