Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бельгиялық Джемилла Гонтарюкті ұпай санымен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық атақтарын иеленді. Жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Шаршы алаңдағы шайқас жоспарланған 10 раундқа (2 минуттан) созылып, Фируза төрешілер шығарған ұпай басымдығы бойынша айқын жеңіске жетті.