Фируза Шарипова Алматыда IBO чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой бокс кешін Фируза Шарипованың "FSK Promotion" промоутерлік компаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізеді. Фирузаның қарсыласы - бельгиялық Джемилла Гонтарюк.
- Мен менеджерім Сергей Завильскиймен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбек жәнеоның орынбасары Арман Қырықбаевпен, Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовпен кездесу өткіздік. Кездесудің қорытындысы бойынша, әкімшілік алдағы бокс кешіне қолдау білдіретін болды. Көпшілікті үлкен бокс кеші күтіп тұр. Кештің басты жекпе-жегінде мен шаршы алаңға шығамын.
Барлық мәселелер шешіліп, екінші жеңіл салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен кездесу ұйымдастыру туралы бітімге келдік.
Жекпе-жек кешін атақты Александр Загорский жүргізеді. Ол осы уақытқа дейін тек Ресейдің ғана емес, Еуропа мен Азияның үздік ринг-хабарлаушысы атанған.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Монакодағы Sportel бокс көрмесінде Қазақстанда өтетін кездесуді бірнеше әлемдік арналар көрсетеді. Ал бокс кешіне билет сатып алған жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады", - дейді Фируза Шарипова.