Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегін 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургте өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы - фин Ева Вальстрем. Екінші жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы қыз қазіргі таңда IBО чемпиондық атағына ие. Ал финляндиялық боксшының еншісінде WBC чемпиондық белбеуі бар. Жекпе-жекке екі чемпиондық атақ та тігіледі. Жеңімпаз осы салмақтағы үздік боксшы атанады. Ева Вальстрем 8 қыркүйек күні Фирузаның Юлия Куценкоға қарсы жекпе-жегін арнайы келіп тамашалады. Жекпе-жек соңынан шаршы алаңға шығып, отандасымызбен бетпе-бет жүздесті. Тіпті бір-біріне сәттілік те тіледі. Фируза Шарипова маңызды жекпе-жекке жаттығуын қазан айының ортасында бастайды.