Финалда жеңіліп қалған қызды шапалақпен тартып қалған бапкер жазаланды
Telegrafi ақпарат көзі Koha.net медиаға сілтеме жасап хабарлағандай, жаттықтырушы қыздың әкесі болған. Ол өзінің әрекетін ашумен емес, қызын жігерлендіру мақсатында жасағанын айтқан. БАҚ мәліметінше, бапкер алты айға жұмыстан шеттетілді.
"Мен оны сабырға шақыруым керек болды, өйткені ол бұл жағдайды жүрегіне тым жақын қабылдады. Оны жігерлендіріп, есін жиғым келді. Ол жеңілгеннен кейін жылап, айқайлай бастады және мен оның басқалардың алдында осындай күйде болғанын қаламадым. Бұл бірінші орын үшін күрес болатын. Ол екінші орынды иеленді, бірақ қарсыласынан әлдеқайда жақсы болды. Ол небәрі 8 жастағы қыз және жылап жіберді. Мен оған сабыр сақтауды айттым", - деп айтқан қыздың әкесі Вальмир Фетиу.
Сондай-ақ VoxNews мәліметінше, бұл оқиғаға Косово Балаларды қорғау коалициясы пікір білдіріп, оның балалардың құқықтарын бұзатынын және ешқандай ақтауға келмейтінін мәлімдеді.
"Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды, ол ешқашан тәртіп құралы ретінде қолданылмауы керек, өйткені ол балалардың эмоционалдық әл-ауқатына және психологиялық дамуына зиян келтіреді, құрмет пен өзіне деген сенімнің орнына қорқыныш пен үрей тудырады. Спорт федерациялары мен клубтары балаларды қорғау үшін арнайы ережелер мен рәсімдерге бағынуы керек, бұл балалар құқықтарының бұзылуын болдырмауға және оларға жауап беруге бағытталған ішкі жүйені құруға мүмкіндік береді. Біз балалардың негізгі құқықтары қорғалған, қауіпсіз және қамқорлықпен қамтамасыз етілген ортада өсуін қамтамасыз етуге жауаптымыз", - деп хабарлайды ақпарат көзі.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!