Фигу ФИФА президенті сайлауына қатысудан бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ corriere.it

- ФИФА президенті сайлауына қатыспаймын. Өзге үміткерлер мен достарыммен ақылдаса келе осындай шешімге келіп отырмын. Себебі сайлау ойдағыдай өтеді дегенге күдікпен қараймын, - деген Луиш Фигу «facebook» желісіндегі хабарламасында.

Айта кетейік, ФИФА президентінің сайлауы 29 мамыр күні өтеді. Луиш Фигуға дейін Нидерланды футбол корольдігінің президенті Михаэль ван Праг та өз үміткерлігін кері қайтарған болатын. Қазіргі таңдағы президент Йозеф Блаттерге басты бәсекелес ретінде Иордания елінің ханзадасы Әли Әль-Хусейн саналып отыр. Десе де Цюрихте өтетін сайлауда қазіргі президент қайта сайланады деп топшылап отырғандар көп. Егер Йозеф Блаттер өз жұмысын қайта жалғастырар болса, бесінші рет сайлауда жеңіске жететін болады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама