Фигу ФИФА басшысы болғысы келеді
- Әрине, Йозеф Блаттер мен өзге де сайлауға қатысушылар фаворит екені рас. Бірақ, мен үшін де керемет мүмкіндік болып тұр, - деген Луиш Фигу.
42 жастағы португалдық футболшы ФИФА президенті болып сайланар болса, одақтың атақ-абыройын жақсы жағына қарай өзгертерін де мәлімдепті.
- Егер ғаламтордан ФИФА туралы қандай да бір мәлімет іздесең, дау-дамай мен өсектің ортасынан бір-ақ шығасың. Алға сүйрер ешқандай жолы жоқ секілді көрінеді. Мен мұндай қателіктерге мүмкіндік бермес едім, - депті.
ФИФА президентінің сайлауы 2015 жылдың 29-шы мамырында өтеді. Бұл орынға Луиш Фигудан өзге қазіргі басшы Йозеф Блаттер, бұрынғы бас хатшы Жером Шампань, Нидерланды футбол одағының басшысы Михаэль ван Прааг, Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн және Франция құрамасының экс-ойыншысы Давид Жинол таласқалы отыр. Үміткерлерді қабылдау мерзімі 29-қаңтарда аяқталмақ.
Сурет:metronews.ru
Оқи отырыңыз
ФИФА басшысы қандай маман болуды армандаған?
Футбол тарихы: Куджудан ФИФА-ға дейін
Америкалықтар ФИФА-ға футбол ережесіне өзгерістер енгізу туралы арыз берді