ФИФА Суареске кешірім бермеді

О Сансызбай Корреспондент

Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатындағы өрескел қылығы үшін футболшы төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды әкімшілік жұмыстардан да шеттетілген-ді. Осы уақыт аралығында Суарес кез келген футбол стадионында бой көрсетпеуі тиіс және ұлттық құрамада 8 кездесуге қатыспайды. Бір айта кетерлігі, уругвайлық ойыншы 2010 жылдан бері әртүрлі жазалардың жиынтығын қосқанда 34 матчқа қатыспаған.

Осыған дейін спорт істері бойынша төрелік сот (CAS) 8 тамыз күні футболшының шағымын қарап, жазасын жеңілдетуі мүмкін деген де ақпарат жарияланған болатын. Егер кешірім болып жатса, футболшының алаңға оралу уақыты екі есе қысқаруы да мүмкін. Сонымен қатар, «блауграна» футболшысы тағы біреуді тістеп алар болса, үлкен көлемде айыппұл салуды екіжақты келісімшартта ескеретін болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rg.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама