ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті айыптан бас тартты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Фото ©️ abcnews.go.com

АҚШ федералдық тергеу бюросына төлқұжатын тапсырған Ұлыбритания мен Кайман аралдары азаматы – 50 жастағы Джеффри Уэбб сот өтіп жатқан ғимараттан 20 шақырымдық радиустан ұзамауы тиіс.

Қарыз міндеттемесіне оның әйелі (АҚШ азаматы), әйелінің ата-анасы мен әжесі, сонымен бірге отбасының тағы алты мүшесі қол қойған.

Джеффри Уэбб футбол әлемін дүр сілкіндірген ФИФА-дағы масқара жайтқа байланысты сотқа тартылған бұрынғы ФИФА шенеуніктерінің алғашқысы. Халықаралық футбол ұйымындағы коррупция қылмысы бойынша күдікті ретінде Цюрихте ұсталған жеті адамның арасынан тек Уэбб қана АҚШ-қа экстрадициялау туралы шешімге шағым түсірмеген. Оны Швейцариядан Нью-Йоркке шілденің 15-і күні жеткізген.

Бұл іс бойынша күдіктілер санатындағы 14 адамға бопсалау, рэкет, арам ақшаны заңдастыру, алаяқтық қылмыстары және 24 жылдың ішінде 150 миллион доллар пара алған деген айыптар тағылып отыр.

Осы іс бойынша күдікке ілінген шенеуіктер мен кәсіпкерлерге Нью-Йорк соты биыл мамырда айыптар таққан.

Дереккөзі: azattyq.org

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама