ФИФА-ға өтініш түсті

О Сансызбай Корреспондент

12 маусым күні байрағын желбірететін дода Бразилияның 12 қаласында өтеді. Атап айтар болсақ, Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаус, Форталеза, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба және Куритиба.

«Мундиальдың» кей ойындары аптапты климаттық жағдаймен қатар келуде. Әсіресе Салвадор, Ресифи, Форталеза, Натал, Манаус, Бразилиа және Куяба қалаларында өтетін күндізгі кездесулерде ауа температурасы 30 градустан жоғары және ылғалды болады деп күтілуде. Ал бұл құбылыс футболшылардың жүйкесі мен өміріне қауіпті саналады. Егер мұны ФИФА ескерер болса, күнтізбедегі 19 ойынның өту уақыты ауысатын болады.

Осыған дейін, ФИФА ауа температурасы 32 градустан жоғары болатын ойындарда 30 минут сайын су ішу үшін үзіліс жасауға рұқсат берген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: betting.gamblingunited.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама