Федерер мықтылығын танытып кетті

О Сансызбай Корреспондент

Андрей Голубев алғашқы сетте жақсы өнер көрсетті. Әлемнің үздік теннисшісімен терезесі тең ойнады. Дегенмен тәжірибелі қарсылас тай-брейкте мықтылығын танытып кетті. Екінші сетті де тәуір бастаған жерлесіміз бұл сынды соңына дейін жоғарғы деңгейде аяқтай алмады. 6:2 нәтижесімен қарсылас пайдасына шешілді. Үшінші сетті де Роджер Федерер жеңіспен аяқтады. Қорытындысында 3:0 есебімен АТР рейтингінің төртінші орнында тұрған теннисші жеңісін мойындатты.

Жалпы бұл кездесуде Қазақстан құрамасы ешқандай ұпайға ие бола алмайды деп күтілген болатын. Алайда жерлестеріміз азулы қарсыласпен санаса алатын деңгейде күшінің барын дәлелдеп берді. Екі күн қатарынан әлем күтпеген нәтижелер сыйлаған Андрей Голубев, Александр Недовесов және Михаил Кукушкиннің келесі жарыстағы кездесулеріне сәттілік тілейміз!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама