Федерация Кубогы. Жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз де жеңіске жетті
Воскобоева мен Путинцева жұбы Тами Гренде мен Лавиния Танантуды екі партияда 6:1, 6:1 есебімен ұтып кетті. Осылайша Қазақстан мен Индонезия теннисшілері арасындағы қорытынды есеп 3:0 болып еліміздің тениисші қыздары сенімді түрде жеңіске жетті. Путинцева үшін жұптасып өнер көрсету матчы бір күндегі екіншісі саналып отыр. Ол командамызға алғашқы ұпайды Геравита Медианға қарсы өткізген кездесуде алып келген еді. Қазақстан қоржынына екінші ұпайды Танатуды ойсырата жеңген Ярослава Шведова салды. Енді 7 ақпан күні қазақстандық теннисшілер Таиланд құрамасымен кордқа шығады.
Федерация Кубогы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ұйымдастыратын әйелдер арасындағы елдердің құрама командалары қатысатын ең ірі теннис турнирі саналады. Ал ерлер арасында мұндай турнир Дэвис Кубогы екені белгілі.
Естеріңізге сала кетсек, жарысты жалғастыру үшін екінші топта Қытай, Тайпей, Өзбектстан және Оңтүстік Корея құрамалары өзара күүш сынасатын болады. Төрттіктің жеңімпаз құрамасы Қазақстан, Таиланд және Индонезия құрамаларының ішінде жеңімпаз болған ұжымымен сынға түспек. Қазақстандық команда құрамында Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Камила Керімбаевалар бар екендігін айта кетейік. Турнир 8 ақпанға дейін жалғасатын болады.
2013 жылы қазақстандық теннисшілер аталған турнирдің өз аймағы бойынша жеңімпаз атанып, алайда әлемдік топқа жолдама беретін плей-офф кезеңінде Франция құрамасына жол беріп қойған еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: zimbio.com