Фалькао бас бапкердің сенімінен айырылды
Колумбиялық футболшының команданың қосалқы құрамына ауысуына соңғы кездегі нәтижесінің төмендігі себеп болып отыр. Бас бапкер Луи ван Гал 17 ойында 4 гол ғана соққан шабуылшыға көңілі толмады. Шабуылшы МЮ-дің 21 жасқа дейінгі командасында бір ойын өткізіп үлгерді.
Айта кетейік, Фалькао ағылшын клубына «Монакодан» жалға келген болатын. Оның айлық жалақасы – 250 мың фунт.
cурет: eurosport.com