Еуропаның үздігі кім болмақ?

О Сансызбай Корреспондент

Еуропаның үздік футболшысына үміткерлер мадридтік «Реалдан» Криштиану Роналду, «Барселонадан» Лионель Месси және "Бавариядан" Франк Рибери болды. Аталған үштіктің үздігінің есімі 29 тамызда Монакода болатын Чемпиондар лигасының жеребе тастау рәсімінде аталады. 

Лионель Месси өткен маусымда каталондық "Барселона" командасының сапында 46 гол соғып ішкі премьер-лигада чемпиондық атаққа қол жеткізді. Төртінші рет "Алтын допты" иеленді. Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды. Ал Франк Рибери мюнхендік "Бавариямен" бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар бундеслига чемпионы мен неміс кубогын да иеленді.

Естеріңізде болса, Еуропаның үздік футболшысы жүлдесі 2011 жылы бастау алған болатын. Сол жылы бұл атақты Лионель Месси иеленсе, 2012 жылы оның командаласы Андреас Иньеста жеңіп алған-ды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама