Еуропа лигасының тарихындағы үздік клубтар

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ УЕФА

УЕФА Кубогы 1971 жылдан бері өтіп келеді. 2009/10 жылғы маусымнан бері УЕФА Кубогының атауы Еуропа лигасы болып ауысты. 

Тізімге 983 клуб енген. Оның ішінде 12-сі қазақстандық клуб. Еуропа лигасында 187 матч өткізіп, оның 93-нде жеңіске жеткен миланның "Интері" үздік клуб атанды. Екінші орынға "Спортинг" жайғасса, үштікті "Брюгге" түйіндеді. 

УЕФА Еуропа лигасының тарихындағы үздік 11 клуб:

1. "Интер" (Италия) 

2. "Спортинг" (Португалия) 

3.  "Брюгге" (Бельгия) 

4.  ПСВ (Нидерланд) 

5.  "Андерлехт" (Бельгия) 

6.  "Партизан" (Сербия) 

7.  "Аякс" (Нидерланд) 

8-11.  "Бордо" (Франция) 

8-11.  ФКСБ (Румыния)

8-11.  ПАОК (Грекия) 

8-11.  "Рапид" Вена (Аустрия) 

Қазақстандық командалардың ішінде ең жоғары көрсеткішке "Астана" ие болды. Елордалық ұжым Еуропа лигасына 6 мәрте қатысып, 46 матч өткізіп, 43 ұпай жинаған. 

Еуропа лигасының тарихындағы үздік командалар рейтингіндегі қазақстандық клубтардың орны:

181. "Астана"

194. "Қайрат"

274. "Ақтөбе"

347. "Шахтер"

360. "Ертіс"

428. "Ордабасы"

432. "Тобыл"

750. "Оқжетпес"

829. "Алма-Ата"

834. "Жетісу"

871. "Атырау"

915. "Астана-1964"

 
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама