Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Түнде өткен ойында "Вулверхэмптон" "Олимпиакосты" 1:0 есебімен ұтса, "Севилья" "Ромадан" 2:0 есебімен басым болды. "Базель" "Айнтрахтты" 1:0 есебімен ұтып жарыс жолынан шығарса, "Байер" 1:0 нәтижесімен "Рейнджерсті" ұтып ширек финалға шықты.
1/4 финалдағы ойындар кестесі:
11 тамыз
"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Копенгаген" (Дания)
"Интер" (Италия) - "Байер" (Германия)
12 тамыз
"Шахтер" (Украина) - "Базель" (Швейцария)
"Вулверхэмптон" (Англия) - "Севилья" (Испания)
Айта кетейік, ширек финал жүйесі коронавирус пандемиясына байланысты бір ғана ойыннан өтеді. Финал 21 тамыз күні болады.