«Еуразия барысы» қандай жүйеде өтеді?
Өткен жылы өткен додаға 8 құрама қатысқан еді. Бұл жолы қатысушылардың саны артып отыр. Алты команда Еуропадан келсе, алты команда Азия құрлығынан келіп отыр. Еуропадан келген құрамалар қатарын биыл Әзірбайжан, Украина және Грузия елдері толықтырса, Азия құрлығының қатарын Өзбекстан мен Қырғызстан құрамалары толықтырды. Осыған орай, биылғы «Еуразия барысының» қандай жүйеде өтетіні туралы жауап іздеп көрген едік. Біздің сұрағымызға «Қазақстан барысының» «facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы жауап берді.
- Турнир командалық, яғни "бірге бір" жүйесімен өтеді. Алғашқы төрт командалық кездесуден жеңіліс тапқандар жарыс жолынан шығып қалады. Жүлделі орынға іліге алмайды. Қалған 8 команда І-VIII жүлделі орындар үшін таласады. Ешқандай жұбаныш белдесу арқылы жүлделі орын анықталмайды. I-IV орын финалдық және жартылай финалдық кездесу нәтижесі бойынша анықталады. Ал, V-VIII орын алған командаларды I және ІІ орын алған команданың қайсысынан жеңілгеніне қарай анықтайды, - деді.
«Еуразия барысы» халықаралық жарысының жалпы жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары. Жеңімпаздармен қатар жүлдеге іліккендер және алғаш сегіздікке енген құрама командаларға ақшалай сыйақылар беріледі.
І орын – 50 мың $;
ІІ орын – 20 мың $;
ІІІ орын – 10 мың $;
ІV орын – 6 мың $;
V орын – 5 мың $;
VI орын – 4 мың $;
VII орын – 3 мың $;
VIII орын – 2 мың $;
Сурет:kazakhstanbarysy.kz