“Ертісті“ украиналық маман жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Sputnik Грузия

Вячеслав Грозный командамен ресми келісімшартқа жақын уақытта қол қояды. Жаттықтырушы бүгін облыс әкімінің қабылдауында болып, қызметі мақұлданған.

Осыған дейінгі "Ертісті" жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің бірі ретінде болгар маманы Илиан Илиевтің есімі аталған еді. Бірақ команда таңдауы Вячеслав Грозныйға түсіпті.

61 жастағы жаттықтырушы көбіне Украина, Ресей және Болгария елінің командаларын жаттықтырған. Соңғы рет Тбилисидің "Динамо" командасында қызметте болған.

Айта кетейік, осыған дейін "Ертісті" болгар маманы Димитар Димитров жаттықтырып келген еді. Жақында ғана өз қалауымен қызметінен кеткен-ді.

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама