Ертең «Медеу» мұз айдынында мотожарыстан әлем кубогы басталады
Сайысқа Швеция, Австрия, Германия, Ресей, Чехия, Финляндия және Қазақстанның атынан 18 «мұз гладиаторлары» қатысады. Спидвей бойынша дербес әлемдік чемпионаттың 50-інші мерейтойлық мәресі 5 кезеңнен тұрады. Алғашқы екі кезеңі Ресейде – Красногорск пен Тольяттиде өтті. Алматыда өтетін үшінші кезеңнен кейін чемпионатқа қатысушылар көшбасшы мәртебесін жеңіп алу үшін төртінші кезеңді Германияда, және соңғы бесінші кезеңді Австрияда өткізеді.
Спидвей немесе мотожарыс – арнайы бұдырлы мотоциклдермен мұзды жолдарда өткізілетін жарыс. Бұл мотоцикл спортының ең қиын әрі қауіпті, соған қарамастан қызықты түрі. Мұздағы мотожарыс көрінісін бүкіл әлем бойынша екі жүз миллионнан астам адам тамашаласа, 20-дан астам спорт арналары оны таратады.
Мотоцикл спорты халықаралық федерациясының трек бойынша жарысының (FIM) директоры Армандо Гастанья : - Біз Қазақстан туралы күн өткен сайын көбірек есту үстіндеміз,- деп бастады әңгімесін. – Қазақстан қарқынды түрде дамып келе жатыр және халықаралық қоғам оны аңғармай қалған жоқ. Сондықтан да спидвей бойынша әлемдік чемпионаттың бір кезеңі Алматыда өтетініне қуаныштымыз. Маған «Медеу» мұз айдыны қатты ұнады. Кешенді тексеру барысында мен сайысты өткізуге кедергі болатындай бір де бір тосқауылды байқамадым. Әрине, бұл спорт қауіпті спорт түріне жататындықтан арнайы шаралар қолданылып, арбиторлар үшін кабиналар орнатылатын болады, ал басқа жағынан бәрі жақсы. Мұздағы мотожарыстың – өзінше бөлек, ерекше тәртібі бар. Осы спорт түрі бойынша жарысқа қатысатын елдердің саны әлем бойынша 8-9 ғана. Біз өз чемпионатымыздың географиясын ұлғайту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, дәл қазір Аргентина мен Канадаға келіссөз жүргізу үстіндеміз.
Әлем чемпионатының бір кезеңін Алматыда өткізуді ұйымдастырған Қазақстан Республикасының автоспорт Федерациясы, ал бас демеуші ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Сондай-ақ «Сокол» автодромы демеулік етіп, «One+OneEvents&Production» жарнама агенттігі ресми промоутер атанды.
- Біз әлемдік спидвей жарысының бір кезеңін мотоцикл спортының Халықаралық федерациясымен бірге аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынында өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл жарқын іс-шара Дүниежүзілік спартакиада мен EXPO-2017 әлемдік көрме қарсаңында Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар қалдыратыны сөзсіз. Біз сондай-ақ спидвей бойынша әлемдік жарыстың бірінші кезеңі қазақстандықтардың арасында спорттың техникалық түрлерін жариялайды деген үміттеміз. Оның үстіне осы жарысты біздің Владимир Чеблаков (басты құрамада), сонымен қатар Павел Некрасов және Денис Слепухин (запаста тұратын) сынды жарыскерлеріміз қатысады. Біз алдағы жеңіске үміттенеміз және барлық қазақстандықтарды жарқын сезім мен ерекше көңіл күйге бөлену үшін «Медеу» мұз айдынына шақырамыз»,- деді Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев.
Спидвей бойынша әлемдік чемпионаттың кезеңі соңғы рет «Медеуде» 1992 жылы өткен болатын. Сайысты тамашалаушылардың айтуы бойынша, бұл жарыс алматылықтар мен қала қонақтарының көкейінде ұмытылмас сәттерді қалдырған. Енді көрермен бұл көріністі Алматыда тамашалау мүмкіндігіне алдағы үш жыл бойы ие болып отыр, себебі ҚР автомотоспорт Федерациясы бұл жарысты Алматыда 2017 жылға дейін өткізу келісім-шартына қол қойды. Сондай-ақ мотоцикл спортының Халықаралық Федерациясы (FIM) әлемдік чемпионат кезеңдерін Қазақстанда өткізу үш жылмен шектеліп қалмайтынына сенімді. Қазақстандық автомотоспорт Федерациясы да Халықаралық мотоцикл спортының Федерациясымен қоян-қолтық жұмыс істесуге дайын.
Айта кетейік, жарыс ертең Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Сурет:loveopium.ru
Оқи отырыңыз
Ертең ХОК бағалау комиссиясы Алматыда өз жұмысын бастайды