Ертең ХОК бағалау комиссиясы Алматыда өз жұмысын бастайды

О Сансызбай Корреспондент

ХОК комиссиясы 14-18 ақпан аралығында Алматы қаласының Олимпиадаға дайындығы мен спорт нысандарын толықтай аралап көретін болады. Алатау бөктеріндегі қаланың бар жағдайымен толықтай танысып, өткізу әлеуетін бағамдайды. Комиссия құрамында Ресей Федерациясы Үкіметінің вице-премьері – Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков, Жапония Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Цунеказу Такеда, Халықаралық спортшылар комиссиясының өкілі Адам Пенгилли және тағы басқа лауазым иелері бар. Бағалау комиссиясы қорытынды конференциясын 18 ақпан күні «Ritz Carlton» қонақүйінде өткізеді.

Айта кетейік, Алматыда қысқы спорт түрлеріне бейімделген халықаралық талаптарға сай сегіз нысан бар. Ал алдағы жылдары тағы төрт спорт кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Алматы қаласынан кейін ХОК бағалау комиссиясы 24-28 наурыз аралығында Қытайға барады. Бейжің қаласының да өткізу әлеуеті тексеріледі. ХОК 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала туралы нақты шешімді 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтетін 127-ші отырысында мәлімдейтін болады.  

Сурет: i-news.kz

Оқи отырыңыз

Алматы - 2022 жылғы Ақ Олимпиаданы өткізуге басты үміткер

Ақ Олимпиада Алматыда өте ме?

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама