Ерлан Қожағапанов Петропавлда футбол жанашырларымен кездесті
Ерлан Қожағапанов еліміздегі балалар және жасөспірімдер футболының дамуына назар аударып, федерация жұмысының қағидалары жөнінде айтып берді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің көптеген аймағында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында қыc мезгілінде толыққанды жаттығу жүргізуге жағдай жасалмаған. Бұл мәселе толық көлемді манеж салуды талап етеді.
Футбол жанашырларымен кездесуде инфрақұрылымнан бөлек, аймақтағы футболды дамытудың өзге де сұрақтары талқыланды. «Қызылжар» футбол клубының болашағы мен оның құрамына жергілікті ойыншыларды шақыру туралы да сөз қозғалды. Жергілікті команда үшін жас футболшыларды дайындауға бүгін ашылған футбол орталығы үлкен көмек болмақ. Футбол орталығына 280-нен астам бала қабылданды.