Ерлан Қожағапанов «Астана» ПКСК президенті болып тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sports.kz

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын осыған дейін Владимир Смирнов басқарып келген еді. Он айдай уақыт жұмыс жасаған даңқты шаңғышы отбасылық жағдайына байланысты қызметінен өз еркімен кеткен-ді. Бүгін өткен клуб кеңесінің отырысында бұл қызметке Ерлан Қожағапанов тағайындалды.

Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясының президенті. Бұл қызметке 2014 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді. Сондай-ақ қазір «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін де атқарып жүр. Алдағы уақытта Ерлан Қожағапонов үш қызметті де қатар алып жүретін болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама